АУЫР ЖҮК КӨЛІКТЕРІН ТОНАҒАН АЛТЫ АДАМ ҰСТАЛДЫ

Уақыты: 19.07.2023
Оқылды: 619
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісу облысында ауыр жүк көліктерін тонаған 6 адамнан құралған топ ұсталды. Бұл топтың жұмысы ұрланған мүлікті сатуға дейін жақсы ұйымдастырылған.  


Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен Жетісу өңірі арқылы Алматы – Өскемен тас жолының бойымен транзитпен кетіп бара жатқан ауыр жүк көліктерінен мүлікті ұрлаумен айналысқан қылмыскерлерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

10 шілдеде ұзақ және үйлесімді жұмыстың нәтижесінде алты адамнан тұратын топ ұсталды, олар жүйелі түрде аса дөрекілікпен ірі партиялы жүк көліктерден түрлі тауарларды ұрлаған.