Қазақстанда күріш қымбаттауда

Уақыты: 24.01.2024
Оқылды: 809
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Елде су тапшылығына байланысты күріш қымбаттауда. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінен хабарлады.

Күрішті көтерме саудада өткізу нарығына жүргізілген талдауға сәйкес, өндірушілердің басым бөлігі Қызылорда облысында орналасқан. Аталған агенттіктің мәліметінше, бұл дақылдың отандық өндірісі қысқарып, керісінше импорт 4% -дан 12% -ға дейін ұлғаяды.

Бүгінде судың жетіспеушілігіне және шығындардың ұлғаюына байланысты егістік алқаптары қысқаруда. Бұл ішкі бағалардың өсуіне себеп болды. Егер алдыңғы жылы күріш бағасы 36% -ға көтерілсе, өткен жылы ол 39% -ды құраған. Яғни, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының өткен жылғы өсу деңгейінен едәуір жоғары.

Судың жетіспеушілігінен басқа мәселелер бағаның өсуіне кері әсерін тигізуде. Мәселен, ауыл шаруашылығы техникалары құнының көтерілуі, тыңайтқыштар мен импорттық өндіріс қаптамасы бағасының өсуі, субсидиялардың уақытылы ұсынылмауы кері әсерін тигізуде. Монополияға қарсы ведомствода Ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялар бөлу, оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз етуді жоспарлауды ұйымдастыру кезінде басым дақылдарды тізбеге енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ, күріш өндірушілерге жеңілдікпен несие беру үлесін ұлғайту, осы тауарды сауда желілерімен тікелей сатып алуды қамтамасыз ету және отандық тыңайтқыштар мен қаптама бұйымдары өндірісін дамыту мәселелеріне ден қойылды. Сонымен бірге баға келісімі бойынша алты күріш өндірушісі 68,7 млн. теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

А. ЫБЫРАЙ
Фото: kapital.kz