МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕГІ АШЫҚТЫҚ

Уақыты: 22.02.2024
Оқылды: 445
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

«Талдықорған қаласы аумағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша кейбір сұрақтарға шаралар қабылдау туралы» қала әкімінің өкімі (2024 жылғы 8 қаңтарындағы №2-ө-н/қ) негізінде құрылған арнайы Талдау тобының жұмыстары өз жалғасын табуда.


«Талдау тобы» жұмысының басты мақсаты - мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, сонымен бірге қызмет алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға мемлекеттік қызметтерді алу кезінде ыңғайлы әрі кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

Осыған орай бүгін, «Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде талдау жүргізілді.

Нәтижесі бойынша, жоғарыда аталған мекеме басшысына анықталған кемшіліктерді жою және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды.