АИДА БАЛАЕВА. "АЖЫРАСУ ҰЯТ ЕМЕС"

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 282
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы Ұлттық экономинка министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Осыған қатысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өз пікірін білдірді.


 

Мен әйел ретінде де, ана ретінде де Салтанаттың жақындарына, анасына жанашырмын. Оның ұрып-соғуы туралы қорқынышты видеоны көру өте ауыр.

Салтанат Нүкенованың өлімі - тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің барлығының символына айналды. Осы ретте ашық сот потенциалды қылмыскерлерді зорлық-зомбылықтан тыйып, көптеген адамдардың өмірін сақтап қалады деп сенемін.

Бұл мүмкіндікті пайдаланып қыздарға, әйелдерге үндеу жасағым келеді. Бір рет қол көтерген адам өзгереді деген елес болмауы керек. Өзгермейді! Егер ол әйелді ұрып-соғуға және оны қорлауға қабілетті болса, ондай адам негізінен моральдық ұстанымдардан және адамгершіліктен ада.

Сосын шыдаудың қажеті жоқ. Ол сені, сен оны жақсы көреміз, балаларымыз үшін шыдау керек деген ақталулардың қажеті жоқ. Ажырасу ұят емес. Шыдап жүре берсеңіз, ұрып-соғу тек жиілеп, күшейе түседі. Жазасыздық әрқашан хаос тудырады, - деп айтты Аида Балаева