БАҚТИЯР АРТАЕВ. "ОБЛЫСТАҒЫ СПОРТТЫ БАСҚАРАТЫНДАРДЫ МИНИСТРЛІК ШЕШУІ КЕРЕК"

Уақыты: 05.04.2024
Оқылды: 276
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

2004 жылғы Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қазақ спортындағы алаяқтық туралы айтты. Ол  "Біздің спортта басшылық қызметте спортқа қатысы жоқ адамдар көп. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?" деген сауалға төмендегідей жауап берді. 


 

– Бұл ешкімге құпия емес. Бұл алаяқтық екенін түсінеміз. Қаржыгерді спортқа қалай тартуға болады? Қаржымен айналысатын адам ешқашан спортшылардың соңынан ермейді. Ол халықаралық турнирлерге барса да, отбасымен барып, демалады.

Соңғы «қола» Олимпиададан кейін сәтсіз нәтижелер үшін кімді кінәлайтынымызды да білмедік. Тоқаев үлкен қадам жасап, Спорт министрлігіне толық еркіндік беруі керек. Өңірлердегі спортқа кім жауапты болатынын министрлік өзі таңдауы керек. Облыс тек футболды басқаруы керек, ал басқа спорт түрлерін тікелей министрлік бақылауы керек. Спортпен өмір сүретін адам ғана спортпен айналысу керек - деді Артаев.