Жетісулық құтқарушылар Абай мен Батыс Қазақстан облыстарында кәсіби көмек шараларын жалғастыруда

Уақыты: 23.04.2024
Оқылды: 310
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Жетісулық 14 құтқарушы Абай облысында, 4 құтқарушы Орал қаласының маңында су тасқынына байланысты құтқарушылық көмек шараларына белсене қатысуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, құтқарушылар Абай облысына 29 наурызда, ал Батыс Қазақстан облысына 14 сәуірде аттанған. Олар Абай облысында су тасқынының салдарын жою, іздестіру жұмыстарына, ал Орал қаласының маңындағы саяжай алаптарының аумағында адамдар мен жануарларды құтқару, эвакуациялау жұмыстарын атқаруда. Құтқарушылар 3 бірлік арнайы техника, 3 бірлік мотопомпа, 6 бірлік жүзу құралдарымен жасақталған.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фотосуреттерді Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаменті ұсынды