Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

Атсалим ИДИГОВ: "БІЗГЕ ТІЛДІК ОРТА ЖЕТІСПЕЙДІ"

Уақыты: 19.06.2019
Оқылды: 209
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жастарға қызмет көрсету орталығында «Zhas Talks» жобасы аясында «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идиговпен кездесу өтті.

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбы аясында өрбіген кездесуге қаламыздағы оқу орындарының білімгерлері қатысты. Сөзін қазақшаға шорқақ өзге ұлт өкілдерінің аздығынан бастаған  А.Саламұлы:

– Бір тілді білетін адам ол – бай адам. Ал бірнеше тіл білетін адам одан да бай. Басқа тілдерді меңгерген дұрыс. Ол біздің бәсекеге қабілеттілігімізді арттырады. Жастар барлық жағдайға дайын болуы керек. Егемендік алғаннан бері ана тілімізді білмейтін адамдар саны 30-35 пайызды құрап отыр. Неге? Бұл маңызды сұрақ. Менің ойымша, көпшілігіне тілдік орта жетіспейді. Себебі, қазақ тілін еркін білетіндердің өзі орысша сөйлеп кетеді. Егер барлығымыз қазақша түсінген жанға орысша сөйлесек, тілдік орта қайдан болсын?! Тіл үйрену үшін көп нәрсе қажет емес. Тек ниет болса жеткілікті, – деді.

Жиын қорытындысында жастар тіл, патриотизм жайында сөз қозғап, қазақ тілінің мәртебесін жоғары көтергіміз келсе, ең бірінші, өзімізден бастағанымыз жөн екендігін алға тартты.

А.ОМАР