Қазақстанның 8 өңірінде жұмыссыздар көбейді

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 915
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанның экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары Лондондағы әріптестерімен бірлесіп жұмыспен қамту мәртебесін және оның халықтың әл-ауқатына әсерін бағалау үшін зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Зерттеу аясында аймақтық әл-ауқат индексі жасалды. Халықтың еңбек нарығының статистикалық көрсеткіштерін талдай отырып, жұмыссыздық проблемасы 20 өңірдің 8-інде: Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Абай, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында аса өткір екені атап өтілді",- делінген басылымда.

Жастар жұмыссыздығы проблемасы 7 өңірде: Алматы және Астана қалалары, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында ушығып тұрғаны анықталды.

"Еңбек нарығына қатысты өте маңызды мәселе – NEET жастарының үлесі, бұл көрсеткішті төмендету өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Мәселен, Ұлытау облысында NEET жастарының үлесі өте жоғары, ал Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарында көрсеткіш айтарлықтай жоғары", – делінген зерттеуде.

Сурет: ғаламтордан алынды