1 қаңтардан бастап Қазақстанда қандай төлемдердің көлемі артады?

Уақыты: 20.10.2023
Оқылды: 1632
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер мөлшері артады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

Атап айтқанда, құжатта 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдерді 7%-ға арттыру көзделген.

«Аталған қаражат еңбекке қабілеттілікті жоғалтқан 87 мыңға жуық адамды және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасын қамтиды. Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады», – делінген хабарламада.

Фото: nur.kz