ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Уақыты: 03.11.2023
Оқылды: 966
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Балпық би ауылында 200 адам қабылдайтын Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының ғимараты іске қосылды.

Бұл нысан жеке және заңды тұлғаларға сапалы қызмет көрсетеді. Соңғы үлгідегі жабдықтармен қамтамасыз етілген Халыққа қызмет көрсету орталығында  ана мен бала бөлмесі, 57 орынды күту залы, оның екеуі халықтың мобильділігі төмен топтары үшін, 10 операторға арналған операциялық зал, бейнеөтінішке арналған бір бөлме, 12 адамға арналған «Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы», 3 адамға арналған есеп айырысу кассалары, жинақтау секторының үй-жайы бар. Ғимараттың екінші қабатында 50 орынды конференц-залы, қызметкерлер кабинеттері орналасқан. Корпорацияның құрылымы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі, тіркеу және жер кадастры бөлімі, Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен тұрады. Мұнда 44 білімді де білікті маман халыққа мінсіз қызмет көрсетеді. «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС-і заман талабына сай салған ғимараттың жалпы құны 431 638 мың теңгені құрайды.

Заман талабына сай бой көтерген жаңа ғимаратта 9 баланың анасы Валентина Тимофеева  перзентінің туу туралы куәлігін, аудан тұрғыны Назым Бекет жеке куәлігін жаңа ғимараттан алды. Аталмыш ғимарттың неке қию залында жас отбасылар неке қиып, ақсақалдардың ақ батасын алды. Мерейлі сәтте мемлекеттік құжат алған аудан тұрғындарына аудан әкімдігі тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Еңлік Кенебай,
Көксу адуаны

Суретті түсірген Руслан ҚАДЫРОВ