Ерлан Қарин «Ұлттық қор — балаларға» жобасы жайлы: Төлем көлемі ұлғаятын болады

Уақыты: 02.02.2024
Оқылды: 803
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин алдағы уақытта «Ұлттық қор — балаларға» жобасы аясында жасалатын төлем көлемі ұлғаятынын жазды. 

«Мемлекет басшысының бастамалары біртіндеп орындалып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алдындағы бағдарламасында айтылған негізгі бастаманың бірі — «Ұлттық қор — балаларға» жобасы іс жүзінде жүзеге асырылып, балаларымыздың есеп-шотына Ұлттық қордан төлемдер түсе бастады. Қаражаттың төлену тәсілдері туралы Үкімет пен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері егжей-тегжей түсіндірді. Алдағы уақытта бөлінетін төлем Ұлттық қор активтерінің еселенуіне және қосымша инвестициялық табыстың артуына байланысты ұлғаятын болады», — деп жазды Ерлан Қарин Телеграм арнасында. 

Сондай-ақ, Мемлекеттік кеңесші Мәжіліс кеше әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заң жобасын жұмысқа қабылдағанын мәлімдеді. Бұл құжатты депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық және педофилия үшін жауапкершілікті күшейту туралы Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес әзірлеген болатын.

Фото: akorda.kz