Жетісулық оқушылар жүлделі орындарға ие болды

Уақыты: 03.02.2024
Оқылды: 1003
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің 9-11-сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы өтті.

Оған Жетісу облысынан 19 оқушы қатысып, 10-ы жүлделі орынға ие болды. Командалық есепте Жетісу облысы ІІІ орынды иеленді.

Қоғамдық-гумантиарлық бағытта өткен республикалық олимпиадаға облысымыздан қатысқан 21 оқушының 12-сі жүлделі орынға ие болса, 5 оқушы көрсеткен нәтижелері үшін мақтау қағазын алды.  Жетісу облысы командалық есепте жүлделі ІІ орынға шықты.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының жүлдегерлері Анастасия Иванова және Гүлназ Олжабаева Астана халықаралық университетінің, Жалғас Мұратұлы Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің, Аяжан Айсан М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің грантын ұтып алды.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: Halyq Uni