Талдықорғанда үшем дүниеге келді

Уақыты: 15.02.2024
Оқылды: 456
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Талдықорған қаласының тұрғыны Самал Аманжолова өмірге үшем алып келді. Екінші жүктілігі болса да бірден көпбалалы ана атанған жанның қуанышында шек жоқ. 

Ақпан айының 10-шы жұлдызында дүниеге 3 бірдей нәресте әкелген Самал Қайратқызының бүгінде жағдайы қалыпты. Жарық дүние есігін ашқан бөбектер 5 күн бойы дәрігерлердің қарауында болды. Сәбилер 2 минуттық айырмашылықпен туған. 

Әзірге үшемдерді ажырата алмаса да бір қыздан кейін бірден төрт баланың ата-ана- сы атанып, жауапкершілік жүгінің де 4 есе артқанын тілге тиек еткен Ернұрдың қуанышында шек жоқ. Ал жас ана Самал үшемнің өмірге келуін Алланың үлкен сыйы деп қабылдаған.    

– Өте қуаныштымын! 10 жыл бойы сағынып күткен сәбилерімді құшағыма басқандағы сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Расында бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Жүктілік қалай өтеді екен, балалардың дамуы, жетілуі қалай болады екен деп уайымдадым. Алайда, перинаталдық орталықтың барлық дәрігерлері мен мейірбикелерінің арқасында қорқынышымды жеңе алдым. Әрбір  қызметкерге алғысымды айтамын. Әр бөлімнің білікті мамандары өз ісінің шеберлері екенін дәлелдеді. Сондай-ақ, босану барысында жетекшілік еткен Зейнегүл Бейсенғалиқызының құрметіне арнап балаларымыздың атын Зейнеп, Зейін, Зейнұр деп қойдық, – дейді жас ана.

Дүмбергеновтер әулетіндегі қуанышты бұл отбасы 10 жыл күткен. Шақалақтардың алғашқысы 1 келі болып кестетігер Зейнеп дүние есігін ашты. Ал оның інілері Зейін 1 кг. 850, Зейнұр 1 кг. 800 салмақпен туды.     

– Қазір ананың да, балалардың да жағдайы ойдағыдай. Бүгінде біздің перинаталдық орталықта үшемнің дүниеге келуі қуаныш. Шала туған нәрестелер 30 аптада туғандықтан бірден жансақтау бөліміне ауыстырдық. Алғашында олардың жағдайы ауыр болды. Сол себепті 3 күн бойы сәбилер арнайы аппаратта жатты. Жағдайлары бірқалыпқа келгеннен кейін оларға ем-дом шараларын жүргізіп, аналарына тапсырдық, – дейді неонатолог, облыстық штаттан тыс реанимация бөлімінің меңгерушісі Данияр Расулов.

Мерейі тасыған бақытты отбасыға перинаталдық орталықтың қызметкерлері арнайы сыйлықтарын табыстады.

Айғаным АЙТМҰХАН
Суреттерді түсірген Руслан Кадыров