"ТЕЗ ӘРІ ОҢАЙ": ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚАТЫСТЫ АНЫҚТАМАНЫ ОНЛАЙН АЛУ

Уақыты: 20.09.2020
Оқылды: 1357
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы қалай алуға болады? Халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері жауап берді.

Егер үйіңіз тұрған көшенің атауы не нөмірі ауысқан болса, көп жағдайда жылжымайтын мүліктің мекенжайын айқындайтын анықтама сұратылып жатады. Оны egov.kz арқылы алу жолы оңай.

Ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз. Іздеу жолағынан немесе Жылжымайтын мүлік бөліміндегі Сатып алу, сату тарауынан «ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтаманы алу» қызметін табыңыз.

Қызметке онлайн сұрау жасаңыз. Әрі қарай жылжымайтын мүліктің ағымдағы мекенжайы бойынша мәліметтерді толтырыңыз. Жылжымайтын мүлік түрін таңдаңыз. Бұдан кейін сізге мекенжайды нақтылау не болмаса мұрағаттағы мекенжайын көрсете отырып, анықтаманы алу ұсынылады.

Сұратқан анықтама онлайн түрде 15 минут ішінде дайын болуы тиіс! Онлайнда бәрі тез әрі оңай.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"