ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕР САНЫ КӨП: ЖАҢА СТАТИСТИКА ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 18.12.2020
Оқылды: 1113
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанда халық саны 18 833,1 мың адамға жетті. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жариялады.

2020 жылғы 1 қарашада елімізде халық саны 18 833,1 мың болды.

"Оның ішінде қалалықтар – 11 109,8 мың (59%), ауылдықтар – 7 723,3 мың адам (41%). Ерлердің саны 9 136,8 мыңға жетсе, әйел саны көбірек - 9 696,3 мың", - делінген "Қазақпаратқа" жарияланған ресми ақпаратта.

Комитет мәліметінше, 2019 жылғы 1 қарашамен салыстырғанда халық саны 240,4 мыңға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылып отырған кезеңде ең үлкен өсім еліміздің 3 өңірінде тіркелді. Олар - Алматы (64,8 мың адам), Нұр-Сұлтан (48,9 мың адам) және Шымкент қалалары (36,4 мың адам).

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"