АЛМАТЫМЕН ІРГЕЛЕС БОРАЛДАЙ КЕНТІНДЕ 130 ОТБАСЫ ЖАҢА ҮЙГЕ КІРДІ

Уақыты: 18.12.2020
Оқылды: 1102
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы іргесінде тұрған Боралдай кентінде 130 пәтерлі көпқабатты үй пайдалануға берілді.

Баспана ең әуелі бірінші кезекте көпбалалы аналарға, жас мамандарға, үй кезегінде тұрған аудан тұрғындарына «7-20-25» және «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасы бойынша берілді.

Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев бұл Мемлекет басшысының әлеуметтік мәселеге назар аударуының жемісі деді.

- Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев елді қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуді күн тәртібінен түсірген емес. Міне, бүгін ұлы мерекеде «Азар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі салған көпқабатты тұрғын үй кешенінің пәтерлері өз иелерін тапты, – деді Б.Қарасаев.

- Бұл – біз үшін зор қуаныш. Тұрмысқа шыққалы 13 жылдың жүзі болыпты. Басымызда бір пәтер болса екен деп армандаушы едік. Міне, бүгін сол арманымызға қол жеткіздік. «7-20-25» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 15 жылға несиемен алдық. Үй кезегінде 7 жыл тұрдым. Осы күнге дейін пәтер жалдап жүргенбіз. Қуаныштымыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын! Үш ұлым, бір қызым бар. Еліміз тәуелсіз болмаса осындай жағдайға жетерме едік. Өте жақсы көңіл-күйдеміз, – деді жаңадан пәтер алып қуанышқа кенелген Боралдай тұрғыны Фарида Есенгелдіқызы.

Қуанышқа кенелгендер арасында жастар да бар. «Мен бақытты жандардың бірімін. Себебі, менің жаңа пәтерім бар. Мен бұл үйге мемлекеттік бағдарлама аясында қол жеткіздім. Төрт жылдан бері кезекте тұрдым. Тәуелсіздік күні қуанышқа келеліп отырмын», – деп қуанышын жасыра алмады жас маман Дана Қаржаубекқызы.

Алматыдай мегаполиске жақын орналасқан Іле ауданы - Алматы облысындағы ең ірі аудандардың бірі. Жыл сайын халқының саны да артып келе жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"