ТАЛДЫҚОРҒАНДА НЕШЕ АДАМ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

Уақыты: 19.12.2020
Оқылды: 1411
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылы атқарған  жұмыстарын жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Аталған мекеме халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру мақсатында халықты әлеуметтік қорғау саласын дамыту және жетілдіруге, азаматтық хал актілерін тіркеуге ықпал ету мемлекеттік саясатын іске асыру бойынша жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеменің ведомствосында:

1.«Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»;

2.«Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға арналған бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3.«Салтанат сарайы»;

4.«Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері бар.

Мекеме Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына сәйкес 24 мемлекеттік қызмет түрі бойынша азамматтарға қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылы 29 898 мемлекеттік қызмет көрсетілді (оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы - 8689,  веб-портал арқылы - 9197, мемлекеттік мекемеде – 12012). Қала бойынша: 24792 – зейнеткер, 4378 - көпбалалы ана (4 - 5 баласы бар аналар - 2888, «Алтын алқа» иегерлері - 709, «Күміс алқа» иегерлері – 781), 3414 - жұмыссыз азамат тіркелген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңының негізінде қаланың аз қамтылған азаматтарын әлеуметтік қолдау үшін Талдықорған қаласы бойынша ағымдағы жылға - 2263 отбасына (10069 отбасы мүшелері) – 877,5 млн. теңге сомасы көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді (1 адамға орташа төлемі -9708 теңге). Сонымен қатар «Магнум» сауда орталығында, осы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 2378 баласына бірыңғай кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды.

Қала бойынша тұрғын үй кезегінде 1110 көп балалы, 3493 толық емес отбасы тіркелген. Мемлекет тарапынан 81 көп балалы отбасы, демеушілік көмек есебінен 5 көп балалы отбасы тұрғын үймен қамтылды («Сурмак» ЖШС, «Статус» ойын сауық орталығы және үш жеке кәсіпкерлер). 1501 көп балалы ана қалалық қоғамдық көліктерде тегін жол жүру билетімен қамтамасыз етілді.

Төтенше жағдай кезеңінде, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылған тұлғаларға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлемдер төленді.

Төтенше жағдай кезеңінде кірістерінен айырылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік қолдауды жүзеге асыру үшін Талдықорған қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 158 қаулысымен халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық штаб құрылып, қала бойынша "Е-Халық" бірыңғай ақпараттық жүйе арқылы жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлерден 42851 өтініш тіркелді.

Бүгінгі күнге 111587 адамға (сәуір айында 46241 адам, мамыр айында 34065 адам, маусым айында 90 адам, шілде айында 22918 адам, тамыз айында 8273 адам) 42500 теңгеден әлеуметтік төлем төленді.

Төтенше жағдайға байланысты 2 айлық есептік көрсеткіш есебінен (5556 тенге) азық-түлік тұрмыстық жиынтықтарын алуға 10992 адамға – 244,2 млн.теңге көлемінде материалдық көмек төленді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында бағдарламаның бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» бойынша 375 адам жоспарланып, 375 адам кәсәптік оқуға жіберілді. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша 53 адам 448,8 млн. теңге көлемінде несие және «Бастау» бизнесі бойынша 101 адам 56,1 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды.

Бағдарламаның үшінші бағыты «халықты жұмыспен қамтуға және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша: әлеуметтік жұмыс орындарына 70 адам жіберу жоспарланып, 78 адам жолданды, жастар тәжірибесіне 198 адам жіберу жоспарланып, 250 адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға қатысуға 1447 адам жоспарланып, бүгінгі таңда қоғамдық жұмыстарға 1322 адам қатысады.

Жыл басынан жұмыспен қамту мәселелері бойынша 5382 жұмыссыз азамат өтініш білдірді. Жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүгінген жұмыссыз азаматтардың 3199-ы жұмысқа орналастырылды.

2020 жылға - 5134 жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге - 5493 (құрылыс саласында - 2699, ауыл шаруашылығы саласында - 66, сауда - 236, басқа салада - 872 және уақытша және маусымдық жұмыста - 1620) жаңа жұмыс орны ашылды.

2020 жылы Талдықорған қаласында «2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 45 инфрақұрылымдық жобаға - 20,4 млрд.теңге көлемінде қаражат бөлініп, 2054 жұмыс орны құрылады. «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы 1080 адам 14 мекемеге жұмысқа жіберілді. Жобаларға қатысқан қызметкерлердің орташа айлық жалақысы - 89825 теңге.

Жұмысқа орналастыру жұмыстары жалғасуда.

Жұмыссыз ретінде тіркелген 161 мүмкіндігі шектеулі азаматқа (14 адам тұрақты жұмысқа, - 3 адам қайтарымсыз несие  алды, 127 адам қоғамдық жұмыстарға, 7 адам жастар тәжірибесіне, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына, 9 адам кәсіби оқуға жіберілді) әлеуметтік қолдау көрсетілді.

Коммуналдық қызметтер шығындарын өтеу үшін (жылу жүйесіне, сумен, электржүйесімен, газбен және көмір алуға) 243 аз қамтылған отбасына (360  отбасы мүшелері) - 6,3  млн.теңге көлемінде тұрғын үй көмегі төленді.

Талдықорған қалалық мәслихаттың «Талдықорған қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»  шешіміне сәйкес:

- 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне - 325 азаматқа 15,1 млн.теңге, әр  адамға 50,0 мың теңге;

- Чернобыль апатының күніне – 101 азаматқа 5,0 млн.теңге, әр  адамға 50,0 мың теңге;

- Жеңіс күніне - 10 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 10,0 млн.теңге, әр  адамға 1,0 млн.теңге;

- 1460 тыл ардагеріне - 73,0 млн.теңге, әр адамға 50 мың теңге;

- қайтыс болған соғыс ардагерінің 65 жұбайына– 4,5 млн. теңге, әр адамға 70 мың теңге;

- 1 концлагердің тұтқынына 100 мың теңге;

- Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күніне 32 азаматқа 1,6 млн.теңге, әр адамға 50,0 мың теңге;

- әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын 117 азаматқа 7,9 млн.теңге (ай сайын 5 айлық есептік көрсетіш - 13890 теңге) және адамның иммунитет тапшылығы вирусы бар 8 балаға 2,6 млн.теңге (ай сайын екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі - 66034 теңге);

- әлеуметтік көмек тағайындауға жүгінген, жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш жасалған тоқсанның алдындағы облыс бойынша белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан аспайтын, отбасы құрамында Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын балалары бар аз қамтылған отбасылар, табыстарын есепке алмай Қазақстан Республикасының жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі бөлімдерінде оқитын жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 37 балаға 14,1 млн. теңге (500 айлық есептік көрсеткіш);

- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілген өтініш білдірген 1 отбасына 100 мың теңге;

- жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша ең төмен күнкөріс деңгейінің жетпіс пайыздық қатынасынан аспайтын, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқылатын 88 балаға 7,0 млн. теңге (13255 теңге) көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан 12 ардагерге коммуналдық шығындарын өтеуге ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш (8334 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек тағайындалып, 753,4 мың теңге төленді.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына сәйкес мүгедектерге арналған оңалту бағдарламасын іске асыру мақсатында гигиеналық құралдармен - 678 адам, санаторлық-курорттық жолдамамен - 643 адам, тифлоқұралдармен - 122 адам, сурдоқұралдармен - 88 адам, протездік-ортопедиялық бұйымдармен - 67 адам, қол арбамен - 128 адам қамтамасыз етілді.

Жүріп-тұруы қиын 1 топтағы - 625 мүгедекке жеке көмекшінің қызметі, 122 мүгедекке ымдау маманының қызметі ұсынылды.

Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасының 184 баласына мүгедек-балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу үшін – 7,6 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

Талдықорған қаласындағы мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде, әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым нысандарына пандустар құру, қайта құру жұмыстары атқарылуда. 34 объектіге пандустарды жөндеу жұмыстарына  24,2 млн. теңге бөлініп, бюджеттен қаржы бөлінген мекемелерде мүгедектерге арналған пандустар орнатылды.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ғимараттарға кіруге арнайы электркөтергіш, қала көшелерінде зағип мүгедектерге арналған 12 дыбыстық сигналды бағдаршамдар орнатылған. Қалада 109 автотұраққа арнайы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың автокөліктеріне арналған белгілер қойылды. Қала бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдау үшін 2 «Инватакси» қызметі жұмыс атқарады, 11 арнайы автокөлік мүмкіндігі шектеулі азаматтарды тасымалдайды. Сонымен қатар, мекемеде бөгде адамның күтіміне және жәрдеміне мұқтаж 95 мүгедек балаға және жалғызілікті, жалғыз тұратын 251 қарт адамға арнаулы әлеуметтік қызметтің сегіз түрі (әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-еңбек) көрсетіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан