ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІ ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАРИЯЛАДЫ

Уақыты: 20.12.2020
Оқылды: 2153
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ атқаратын мемлекеттік қызметін жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қазіргі таңда баспана - ең өзекті мәселелердің бірі. Оны шешудің түрлі жолдары бар: сатып алу, банктердің ипотекалық бағдарламалары, қызметтік тұрғын үй алу, кейіннен сатып ала отырып жалға берілетін тұрғын үй алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе азаматтардың жекелеген топтары үшін «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінен баспана алу.

Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй ұсыну қажет етіледі, егер:

1) есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;

2) есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;

3) өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса;

4) өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

5) жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;

6) отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

- Қажетті құжаттарды жинап, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «коммерциялық емес акционерлік қоғамы» филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығын» арқылы немесе онлайн режимде тапсыру қажет.

- Егер құжаттарда бәрі дұрыс болса, 30 күнтізбелік күн ішінде хабарлама алу.

- Тұрғын үй комиссиясының құжаттарды қарастыруы және шешім шығаруы.

- Келісімшарт жасасу және баспана алу.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес меншік құқығымен берілетін тұрғын үйдің келесі түрлері бар:

- жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктеріне тиесілі тұрғын үйлер;

- мемлекеттік тұрғын үй қоры - мемлекет меншігіндегі және коммуналдық тұрғын үй қорынан, мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан, сондай-ақ, мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұратын тұрғын үйлер;

- коммуналдық тұрғын үй қоры - тұрғын үйлерді пайдалануға беру үшін арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) қарауындағы тұрғын үйлер.

- мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры - тұрғын үй пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда мемлекеттік мекемелердің қарамағындағы тұрғын үйлер;

- мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры - мемлекеттік кәсіпорынның қарамағындағы тұрғын үйлер.

- сатып алу құқығынсыз, жалға берілетін тұрғын үй - коммуналдық тұрғын үй қорынан Қазақстан Республикасының азаматтарына сатып алу құқығынсыз төлем төлеу арқылы пайдалануға берілген тұрғын үй.

Сонымен, Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры барлық меншік нысандарының тұрғын үйлерінен тұрады. Сіз тұрғын үйді әкімдіктен мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе әкімдік жалдаған жеке тұрғын үй қорынан ала аласыз.

Қызметтік тұрғын үй - мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерді орындау кезеңінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына есеп айырысуға арналған ерекше құқықтық режимі бар тұрғын үй.

Басқаша айтқанда, сіз қызметтік тұрғын үйді егер ол сіздің ұйымыңызда ұсынылған болса және қажетті шарттарға жауап берсе, ала аласыз. Қызметтік тұрғын үй сіз мемлекеттік органның қызметкері болған кезде уақытша беріледі.

Қазақстан Республикасында тұрғын үйге кезекке тұру үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру керек (тұрған уақытына қарамастан).

Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан (әкімдіктер жалдаған пәтерлер осы қорға кіреді) келесі адамдарға беріледі:

- Ұлы Отан Соғысының ардагерлері;

- Кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі.

Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс; тұрғын үй беру туралы өтініш жасаудың алдында соңғы он екі ай ішінде жиынтық орташа айлық табысы отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болатын, халықтың әлеуметтiк әлсіз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріндегі коэффициент мүгедек балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды;

- мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерiне, әскери қызметшiлерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Сонымен қатар, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабына сәйкес, егер осы елді мекенде тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары, егер:

- есепке қойған кезде және коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында олардың тұрғын үйi болмаса;

- есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса;

- өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса;

- өздерінің тұрып жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмесе;

- бірегей салынған, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса;

- отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың (Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен аурулардың тiзiмi бойынша) ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаса, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының «Халыққа қызмет көрсету орталығы» арқылы кезекке тұру үшін 2020 жылы 1001 өтініш берілді. «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы 828 өтінім берілді. Барлығы 1829 өтініш қаралды, оның ішінде, бүгінгі күнге дейін 530 өтініш орындалды, 1134 өтініштен дәлелді бас тартылды, ал 165 өтініш қарастырылуда.

«Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ

Сурет - ғаламтордан