АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫНА ҚАТЫСТЫ ТАҒЫ БІР ЕСКЕРТУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 03.08.2021
Оқылды: 938
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты тағы бір ескерту жариялады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 4 тамыз күні Алматы облысының кейбір аумақтарында 36 градусқа дейінгі ыстық күтіледі. Сонымен қатар, өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының төтенше жағдай қызметі азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауда ұстауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады. Айта кетейік, дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"