ТАЛҒАРДА ҮШ ЖАСАР ҚЫЗДЫҢ ӨЛІМІНЕ КІНӘЛІ ЖІГІТТІ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 03.08.2021
Оқылды: 1033
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талғар ауданында тағы бір қайғылы жағдай. Аудан орталығында үш жасар қыз көлік астына түсіп, мерт болды. Бұл жайында "Жетісу" газеті мәлімдеді.

"Mercedes-Benz Sprinter көлігінің 24 жастағы жүргізушісі батыс бағыттан М.Қашқари көшесі бойымен келіп, тұрғын үй ауласына кіргенде 2018 жылғы бүлдіршін қызды қағып кетті", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінен.

Оқиға орнына жетіп, мән-жаймен қаныққан учаскелік полиция қызметкері жәбірленушіні әкесімен бірге ауруханаға алып кетті. Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасы кезінде алған жарақатынан қыз бала ауруханада көз жұмды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан