АЛМАТЫДАН 97 ШАҚЫРЫМ ҚАШЫҚТЫҚТА ЕКІ БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 17.08.2021
Оқылды: 1178
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 12 сағат 52 минутта жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 97 шақырым жерде, Алматы облысы, Іле ауданының аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.1. MPV магнитудасы - 4.5. Эпицентрдің координаттары - 43.99° с.ш. 76.38° в.д. Тереңдігі - 15 шақырым. Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Күрті ауылында - 2 балл.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"