ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ, ЖАҢБЫР, ҚАР: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АУА РАЙЫ ӨЗГЕРЕДІ

Уақыты: 30.10.2021
Оқылды: 1378
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Төтенше жағдайлар департаменті Алматы облысындағы ауа райына байланысты алдын ала ескерту берді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

"Қазгидромет" РМК-ның дауылды ескертуі негізінде 30-31 қазан күндері Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман және көктайғақ түрінде (жаңбыр, қар) жауын-шашын күтіледі.

Алматы облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларына мән беруге шақырады. Дауылды ескертулер және басқа да шұғыл ақпаратты жедел алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеп алуға болатынын ескертеміз.

"ЖЕТІІСУ-АҚПАРАТ"