САРЫӨЗЕКТЕГІ ӘСКЕРИ ҚАЛАШЫҚТА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢҚАЙЛАРЫ АШЫЛДЫ

Уақыты: 22.01.2022
Оқылды: 1119
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Сарыөзектегі әскери қалашықта балаларға арналған ойын алаңдары кеңейтіліп, ойын құрылғылары орнатылды. Бұл ойын алаңқайы балалардың дене шынықтырумен айналысулары үшін маңызды екенін айта кеткен жөн.

Мұнда балаларға арналған әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш, төбесі жабық ойын құрылғылары қойылған. Ойын алаңы түрлі-түсті сырлармен әсемдеп, безендіріліп, балалар ойнайтын алаңға құм төгілген. Одан басқа таза ауада демалу үшін орындықтар орнатылған.

– Әскери қалашығымызда осындай ойын алаңдарының болуына ризамыз, тұрғындардың атынан алғысымды айтамын. Елімізде осындай жақсы істер арта берсін, – деді әскери қалашықтың тұрғыны Айхан Еркебаева.

Заманауи ойын алаңқайында ересектерге арналған жаттығу құрылғылары да бар. Әскери қалашықтың тұрғындары үй ауласында бүлдіршіндер алаңқайы болғанына дән риза. Ал балалар болса, тұрғызылған құрылғыларда асыр салып ойнап, ойын көрігін қыздыруда. Сондай-ақ, бұл жерде балалар ойын барысында жарақат алып қалмауы үшін барлық қауіпсіздік қарастырылған. Одан өзге, әскери қалашық аумағында шағын футбол стадионы қолданысқа берілген.

Абзал САРТАЕВ,

Сарыөзек гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,

майор

Алматы облысы