КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 296
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кененің белсенді болатын мезгілі әдетте сәуір, мамыр айларынан басталады. Сондықтан Жетісу облысында кене инфекцияларының алдын алу, яғни кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде.


Жетісу облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Ақсу, Алакөл, Ескелді, Кербұлақ, Сарқан, аудандары мен Талдықорған, Текелі қалалары кене энцефалитінің эндемиялық аймақтарына жатады. «Сондықтан өңдеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Оған қоса өңірде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын арттыру, кене инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар да атқарылуда», - дейді туралы департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.

Кенелерге қарсы өңдеу жұмыстары сәуір, маусым айларында 230 га аумақта жүргізіледі. Кенелердің белсенді маусымының басталуына қарай 8 сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрғындар көп демалатын ашық аумақтарда 210 га көлеміндегі жер өңделді. Облыстың аудан-қалаларында өңдеу жұмыстарының 1-кезеңі ауа райына байланысты 3 мамырға дейін жалғасады, ал 2-кезең маусым айында жүргізілмек. Жыл басынан бері облыста кене инфекциясы тіркелмеген.

- Вакцинация - кене энцефалитінің алдын алудың негізгі шарасы. Табиғи жағдайларда жұмыс істейтін, эндемиялық аймақтарда тұратын азаматтар, кене белсенділігі маусымында эндемиялық аудандарға демалысқа, туристік сапарларға баруды жоспарлап отырған жандар кене энцефалитіне қарсы профилактикалық екпе алуы керек..

ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ