Тоқаев шахтадағы өрттің алдын алған слесарьді марапаттады

Уақыты: 06.05.2024
Оқылды: 350
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Костенко атындағы шахтаның электр слесарі Айбар Қосановты ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен марапаттады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен жанкешті және жемісті еңбегі үшін Qarmet акционерлік қоғамының Костенко атындағы шахтасының жерасты учаскесінің электр слесарі Айбар Бекболатұы Қосанов ІІІ дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен наградталды", - делінген хабарламада.

Фото: ТЖМ