ЖАҢА ЗАҢ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГЕНДЕ ЕРЕЖЕ БҰЗҒАН ИТ ПЕН МЫСЫҚ ИЕЛЕРІ ҚАЛАЙ ЖАЗАЛАНАТЫНЫ АЙТЫЛДЫ

Уақыты: 27.03.2023
Оқылды: 696
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстанда жаңа ережені сақтамаған ит пен мысық иелері қалай жазаланатынын мәдімдеді.

Осыған дейін жазғанымыздай, Экология және табиғи ресурстар министрі Зульфия Сүлейменованың бұйрығы 23 наурызда жарияланған болатын.  Тиісінше қоғамдық талқылау 6 сәуірге дейін жалғасады.

Осы ретте, аталған министрліктің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жануарлар, аңшылық шаруашылығы басқармасының бас сарапшысы Ринат Есмағұлов үй жануарларының иесі ережені бұзса қалай жазаланатынын жеткізді. 

"Әкімшілік құқықбұзышылық кодексінің «Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу» деген 407-бабы, 2-ескертуі бойынша, жеке тұлғп 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бұл - 34 500 теңге", - деді Ринат Есмағұлов.

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ