МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ШАВКАТТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Уақыты: 27.03.2023
Оқылды: 675
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақорда дерегіне сүйеніп хабарлайды. Бұған дейін спортшының наурызда Тоқаевпен жолыққанын жазғанбыз. 

Жылы кездесуде Президент отандасымызды жақында Лас-Вегас қаласында өткен UFC турнирінде жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновпен әңгімеде оның кейінгі жастарға салауатты өмір салтын ұстануға өнеге бола алатынын айтып, спортшының алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестігін білдірді. 

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді.

Фото: Ақорда

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ