Балық аулауға тыйым салынатын мерзім: «Нерест» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді

Уақыты: 12.04.2023
Оқылды: 1248
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Облыс аумағындағы көптеген су айдындарында балықтардың белсенді уылдырық шашуына байланысты сәуір-маусым айларының әртүрлі мерзімдерінде балық аулауға тыйым салынады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысының ПД Баспасөз қызметі хабарлағандай 15 сәуір мен 16 маусым аралығында заңсыз балық аулау және табиғат қорғау заңнамасын басқа да бұзушылықтар фактілерін анықтауға бағытталған «Нерест» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады. Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері мен балық қорғау инспекциясы қызметкерлерінен арнайы топтар құрылды, олар облыстың барлық аумағында тексеретін болады. Табиғатты қорғауға байланысты заңсыз фактілер анықталған жағдайда, құқық бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады.

БАЛЫҚ АУЛАУҒА ТЫЙЫМ САЛУ КЕЛЕСІ ЖЕРЛЕРДЕ ЖӘНЕ МЕРЗІМДЕРДЕ ЕНГІЗІЛЕДІ:
- Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен басталып Ұзынарал түбегіне дейін – 2023 жылғы 15 сәуірден 1 маусымға дейін;
- Балқаш көлінің шығыс бөлігінде, Ұзынаралдың оңтүстік шетінен басталып, Аягөз өзенінің сағасына дейін - 2023 жылғы 25 сәуірден 10 маусымға дейін;
- Ақсу, Ескелді, Қаратал, Көксу, Сарқан аудандарының және Текелі, Талдықорған қалаларының аумағында 2023 жылғы 15 сәуірден 1 маусымға дейін;
- Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың барлық салалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Хатынсу, Емел, Ұялы, Каракөл, Жеңешкесу, Шыңжылы өзендерінде - 2023 жылғы 25 сәуірден 16 маусымға дейін;
- Панфилов ауданының аумағында 2023 жылғы 25 наурыздан 5 шілдеге дейін.