Жетісу облысында көп оқ-дәрі сақталған жер анықталды

Уақыты: 13.04.2023
Оқылды: 444
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысында көп оқ-дәрі сақталған орын анықталды, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы polisia.kz дерегіне сүйеніп.

Ресми ақпар жасырын орының Кербұлақ ауданындағы Сарыөзек ауылынан 15 шақырым жерде табылғанын растайды.

Әскери полигон маңынан табылған металл контейнерде 729 дана 5,45 мм калибрлі патрондар болған.

Полиция шалғай жерде оқ-дәрілері бар темір контейнердің мән-жайын анықтап жатыр.

Фото: polisia.kz