19 сәуір Мемлекет басшысы Қазақстан дамуы бойынша жиын өткізеді

Уақыты: 18.04.2023
Оқылды: 920
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан дамуы бойынша жиын өткізеді, - деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға дерегіне сүйеніп.

Президенттің төрағалығымен өтетін кеңес 19 сәуір күнге жоспарланған. келелі кездесуде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы сарапталмақ. 

Маңызды жиынға Премьер-министр, Парламент палаталарының спикерлері, Президентке тікелей есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Үкімет мүшелері, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, облыстар мен аудандардың әкімдері, Сенат пен Мәжілістегі парламенттік фракциялар мен комитеттердің жетекшілері, облыстық және аудандық мәслихаттардың төрағалары қатысады.

Фото: ғаламтордан 

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ