Жетісу облысында 15 жылдан бері мемлекетаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

Уақыты: 05.05.2023
Оқылды: 456
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Полицейлер 15 жыл бойы іздеуде жүрген азаматты қолға түсірді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қазақстан азаматы 2008 жылдан бері Ресейде есірткі қылмысын жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген.

Жетісу облысы полиция департаментінің жедел уәкілдері Көксу ауданында 51 жастағы ер адамды ұстады.

"Жетісу полицейлері Ресей Федерациясының Красноярск өлкесі құқық қорғау органдарының іздестіру өтінішін орындап, оларға күдіктінің орналасқан жері туралы ақпаратты жіберді. Ер адамға қатысты істің барлық мән-жайлары анықталғанға дейін "келу туралы" міндеттеме бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп мәлімдеді полиция.

Фото: ашық дереккөзден