Сақтаныңыз. 3 жастағы баланың денесі арықтан табылды

Уақыты: 22.05.2023
Оқылды: 652
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысы Панфилов ауданы Алмалы елді мекенінде 3 жасар баланың денесі арықтан табылды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Бұл туралы Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. Белгілі болғандай, бұған дейін баланың жоғалып кеткені туралы хабарландыру тараған.

Әдеттегідей үй жанында ойнап жүрген бала ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Іздестіру шарасына полиция, шекара қызметінің әскери қызметшілері мен жергілікті тұрғындар да атсалысқан.

Алайда бір күн бойы табылмаған бала  ертесі күні арықтан табылған.

Кентке келетін суды жапты. Суару арнасындағы су көлемі азайған соң жоғалған баланың денесі оның үйінен 3 шақырым жерден табылды. Бала арыққа құлап кетіп қаза табуы мүмкін, қатты ағыс әрі қарай ағызып әкеткен, - делінген Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Фото: ғаламтордан