Серік Күдебаев сот үкіміне шағым түсірді

Уақыты: 07.06.2023
Оқылды: 561
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев сот үкіміне шағымданды.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Zakon.kz дерегіне жүгініп хабарлайды. 

Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі Алматы облысы полиция департаментінің сотталған бұрынғы басшысы Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсіргенін хабарлады.

"Серік Күдебаевтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағым 29 маусым сағат 15:00-де Жетісу облыстық сотында қаралады деп белгіленді", – делінген хабарламада.

2023 жылғы 28 сәуірде Серік Күдебаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: ашық дереккөзден алынды