Салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді

Уақыты: 19.07.2023
Оқылды: 619
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Орал қаласында салмағы 6 келіден асатын алып сәби дүниеге келді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Ерекше салмағымен елді елең еткізген шақалақтың бойы - 63 сантиметр. Дәрігерлер анасы мен ұлының денсаулығы жақсы екенін айтады. Бұл нәресте - отбасындағы үшінші перзент. Бір қызығы, ерлі-зайыптылардың тұңғышының салмағы 4 келіден асса, ортаншы баласы 5 келіге жуықтапты. Ал үшінші ұлдың салмағы бәрінен асып түсті.

Дегенмен дәрігерлер мұндай артық салмақтың денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін дейді. Сондықтан сәбиді үйге шығарған соң да бақылауға алмақ.

“Әйел айы-күні жетіп, өзі босанды. Сәбиі екеуінің жағдайы қалыпты. Негізі қалыпты норма 3-4 келі ғана. Сондықтан денсаулығын педиатр бақылап отырады. Негізі баланың артық салмақпен өмірге келуіне, экологиялық қолайсыздық, екіншіден, анасының тамақтану тәртібінің бұзылуы себеп.Әйел айы-күні жетіп, өзі босанды. Сәбиі екеуінің жағдайы қалыпты. Негізі қалыпты норма 3-4 келі ғана. Сондықтан денсаулығын педиатр бақылап отырады. Негізі баланың артық салмақпен өмірге келуіне, экологиялық қолайсыздық, екіншіден, анасының тамақтану тәртібінің бұзылуы себеп”, – дейді Орал қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігері Тимур Мұхамедияров.