Ауыл көшелеріне шам орнатылды

Уақыты: 09.09.2023
Оқылды: 688
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Ескелді ауданы Алдабергенов ауылында осыған дейін жарық орнатылмған Нұрғали Нұрпейісов, Абай көшелерінің бойына шам орнатылды.

Оның алдында ауданға қарасты Төлеңгіт ауылдық окургіндегі Жетісу ауылындағы Әбдіқадыр Дайыров көшесі жарықтандырылған болатын.  Әр ауылға рет-ретімен көше шамдары орнатылып келеді.

Аудандық әкімдіктің қызметкерлері «көше жарығы әуелі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін, одан кейін ауылдың сәні. Орнатып жатқанымыз энергия үнемдегіш LED шамдары. Жарық диодьы шамдарды пайдаланудың ерекшелігі – олар табиғи жарыққа жақын және таза жарық береді»,– дейді. Алдағы уақытта кезекте тұрған бірнеше көшені жарықтандыру жоспарланған.

Қали АСҚАР
Фото: ғаламтордан алынды