"Авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып": Электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін

Уақыты: 11.09.2023
Оқылды: 601
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жуырда Ашық НҚА порталында Энергетика министрінің бұйрық-жобасы жарияланды. Құжат бойынша келесі жылдан бастап еліміздегі станцияларды күрделі жөндеуден өткізу үшін электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін. 

Ресми деректе 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге болатыны жазылған. Қазіргі көрсеткіш 590 мың теңге еді. 

"2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1215 мың теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", - делінген құжатта.

Фото: көрнекілікке алынды

7-su.kz ақпарат