Талдықорғанда "Яндекс" жүргізушілері наразылық білдірді

Уақыты: 11.09.2023
Оқылды: 569
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғанда "Яндекс.Такси" жүргізушілері платформаның жұмысына наразылық білдірді. Олар кепілдендірілген бонустардың жоғалуына шамданды. 

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Stan.kz ақпарат агенттігі дерегіне сүйеніп хабарлайды.

Жүргізушілердің айтуынша, қосымшадан 50 сапарға кепілдендірілген бонустар жоғалып кеткен және кішігірім тапсырыстар үшін қашықтық өзгерді.

"Біз бұрынғы шарттардың қайтарылғанын қалаймыз. Біріншіден, 50 сапар үшін берілетін бонустар қажет, екіншіден, алыс сапарларды есептеу алгоритмін 2,5 км-ден 1,8 км-ге дейін өзгерту керек. Қазірдің өзінде электр самокаттарға қарағанда арзанырақ жұмыс істеп жатырмыз, ұят", – дейді жиналғандар.

Наразылық акциясына елу шақты адам қатысты. 

Сервис өкілдері жүргізушілердің шағымдарына әлі жауап берген жоқ.

Фото Артема Геодакяна / ТАСС