Сүт өндірушіге айыппұл салынды

Уақыты: 11.09.2023
Оқылды: 508
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Ақ-Бұлақ продукт» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеруді аяқтаған Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облыстық Департаменті бірқатар кемшілікті анықтады.

Атап айтқанда, жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмсақ қаптамадағы 2,5% майлылығы бар сүт бағасын белгілеу және ұстап тұру бөлігінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылды бұзғаны белгілі болды.

Тергеп-тексеру қорытындысы бойынша серіктестікке Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама тапсырылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Істі қараған сот нұсқама мен әкімшілік істі Департаменттің пайдасына шешті.

Аталған жағдайға байланысты жауапкершілікке тартылған «Ақ-Бұлақ продукт» ЖШС-не жалпы сомасы 755 337 теңгенің айыппұлы салынды.

Фото: көрнекілікке алынды