Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы – әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Уақыты: 12.09.2023
Оқылды: 525
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Шахматтан Қазақстан қыздар құрамасы командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Шредингер спорты» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Финалда қазақстандық шахматшылар Грузия құрамасына жол берді. Ақтық кезеңнің алғашқы матчында Қазақстан – 1,5-2,5, екінші матчында – 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды.

Ұлттық құрама сапында Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева, Әсел Серікбай, Меруерт Камалиденова, Алуа Нұрманова және Әмина Қайырбековалар өнер көрсетті.

Қола медальді Франция құрамасы иеленді. Олар үшінші орын үшін ойында АҚШ шахматшыларынан айласын асырды.

Фото: көрнекілікке алынды