Жетісу облысының полицейлері іс-түссіз жоғалған үш жасөспірімді іздеп жатыр

Уақыты: 12.09.2023
Оқылды: 580
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының полицейлері іс-түссіз жоғалған үш жасөспірімді іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу облысының полицейлері Қаратал ауданында хабар-ошарсыз кеткен үш жасөспірімді іздестіру жұмыстарын бастады. Облыстық департамент пен аудандық полиция қызметкерлерінің іздестіру топтары еліміздің үш өңірінде – Талдықорған, Алматы қаласы және Алматы облысында іздестіруді жалғастырып жатыр.

15 жастағы Ақерке Жолдасова 6 қыркүйекте жоғалып кетті. Болжам бойынша, мектеп оқушысы кәмелетке толмаған Амир Тергеуовтың жанында (16 жаста, 6 қыркүйекте жоғалып кетті) болуы мүмкін, оның туыстары да оны іздеуге көмектесу үшін полицияға арыз жазды. Мұқан Кенжебек, 17 жаста. 8 қыркүйекте жоғалып кетті. Кәмелетке толмағандардың орналасқан жері әлі анықталған жоқ.

Іздестіру іс-шаралары Жетісу облысы ПД криминалдық полиция басқармасының ерекше бақылауында Хабар-ошарсыз кеткен адамдардың орналасқан жері туралы ақпарат болған жағдайда мына телефондарға: 8 /7282/ 608-008, 705-110-5557 немесе “102” нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.