Бүгін елдің басым бөлігінде жауын жауады – Қазгидромет

Уақыты: 31.10.2023
Оқылды: 435
Бөлім: КҮНДЕРЕК

«Қазгидромет» РМК-сы қазанның 31-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Республика аумағының басым бөлігінде Атлантикалық циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалымен күн құбылып тұрады.

Елдің басым бөлігінде жауын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Түнде Қазақстанның орталығында (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста, таулы аудандарда (жаңбыр, қар), күндіз оңтүстікте қатты жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал, солтүстік-батыста жел тұрып, жаяу бұрқасын соғады.