Елімізде пәтер жалдау құны арзандай бастады

Уақыты: 31.10.2023
Оқылды: 700
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Krisha.kz талдау қызметінің хабарлауынша, пәтерді ұзақ мерзімге жалға беру құны мониторинг жүргізілген 13 қаланың 8-інде арзандаған. Қазан айында орташа жалға беру құны қыркүйекпен салыстырғанда 2,2% төмендеген, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Қазан айындағы бағаның құлдырауы жаз мезгілінен басталған.

Бағаның ең қатты өсуі шілде-тамыз аралығына келді. Ол уақытта ай сайынғы жалға алу құны 4–7 % өсті.

Бір ай ішінде пәтер жалдау құны Ақтөбеде - 7%, Петропавлда - 6%, Ақтау, Қостанай, Көкшетауда — 5%, Алматы, Қарағандыда 4% және Астанада - 1% құрады.

Ал Павлодар, Орал, Өскеменде баға біршама өсті.

Пәтер жалдау құны ең қымбат қала - Алматы. Онда орташа алғанда шаршы метр жер 6 мың теңге болады. Ең арзан баға Ақтауда. Онда шаршы метріне 2632 теңге алады.

Бағаның өсу қарқынын қаңтар айынан бастап алып қарайтын болса, 10,3% қымбаттаған.

Дереккөз:  Kazinform.
Фото: pixabay.com.