Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің қанша жалақы алып келгені белгілі болды

Уақыты: 31.10.2023
Оқылды: 600
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің қанша жалақы алып келгенін айтты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дүйсенованың айтуынша, марқұм кеншілердің арасында жас жұмысшылар болғандықтан айлық мөлшерінде біраз айырмашылық болған.

“Сандық отбасы картасын пайдаланып, олардың табысы туралы деректерді қарадық. 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін, өйткені олардың арасында жас жұмысшылар, жұмысқа жаңадан келгендер де болған. Сол себепті жалақы мөлшерінде осындай айырмашылық бар. Олардың біліктілігі мен кәсібилікке да байланысты”, – деп түсіндірді вице-премьер.

Фотосурет: Қарағанды облысының әкімдігі