Қазақстанда теледидар мен радиода хабар тарату уақытша тоқтатылады

Уақыты: 02.11.2023
Оқылды: 466
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Қазақстанда телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметі профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді.

“Қазтелерадио" АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық жерүсті желілерінің техникалық құралдарында қызметтерді тоқтата отырып, тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты 8 қараша күні сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана уақытымен) телерадио хабарларын таратуды тоқтатылады", – делінген хабарламада.

Фото: көрнекілікке алынды