Қазақстанда 25 градусқа дейін аяз болады

Уақыты: 03.01.2024
Оқылды: 608
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Синоптиктер Қазақстанда 4-6 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауа райы болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: жауын-шашын, негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел түрінде жауын-шашын болады.

"Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы басым жауын-шашынсыз болады, түнде республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы 0-13 градустан 5-25 градус аязға дейін ауытқиды деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Фото:depositphotos.com