«Күреңбел Су» кәсіпорнына жеке ғимарат берілді (Видео)

Уақыты: 17.01.2024
Оқылды: 624
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Кербұлақ ауданындағы «Күреңбел Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жеке ғимарат берілді.

Халық арасында «Водоканал» атауымен кең танымал бұл мекеменің басынан үнемі дау арылмаған. Оған себеп – жеке ғимараттың болмауы, жұмысшылардың айлық жалақысы және ең маңыздысы тұтынушылардың ауыз суға уақытылы қарыздарын төлемеуі болып келген.

Күреңбел су кәсіпорнының меншігінде әкімшілік ғимарат және өндірістік базаның болмауына қарамастан, ауданның 39 елді-мекенінде (62%) тұрғындарға ауыз сумен қамту қызметін жүргізуде. Мекеме құрамында 87 жұмыскер, оның ішінде Сарыөзек ауылы бойынша 38 жұмыскер қызмет етеді. Теңгерімінде 16 арнайы техника (3 дана эксковатор погрузчик, 3 дана трактор, 3 дана трактор тіркемесі, 1 автокран, 1 Газ-66, 2 дана нива шевролет, 3 дана нива Лада) тіркелген. Аталған арнайы техникалар кәсіпорынның өндірістік базасының болмауына байланысты тозығы жетіп есептен шығаруға жатады.

Тұрғындарға кепілденген сапалы ауыз сумен қамтуды мерзімінде ұйымдастыру мақсатында Күреңбел суды бірінше кезекте өндірістік базамен және арнайы техникалар жабдықтау үшін 2024 жылы облыстық бюджеттен қаражат бөлінді.

2 қабатты ғимарат 1970 жылы қызыл кірпіштен салынған. Ішкі ауданы – 625,1 м2, ғимарат және 2785 м2 темір бетонды (сумен және электр қуатымен жабдықталған) өндірістік базамен қамтуға және арнайы техникалармен жабдықтауға қаражат бөлінген.  (1 дана эксковатор погрузчик, 1 – вакуммдық автокөлік, 1 – автокран, 1 – манипулятор, 1 аралас водавоз, полевомойка, 1 компрессор, 1 құбыр жарылысын іздестіретін және 1 құбыр іздестіретін құрал). Жер көлемі – 2 гектар.

Бүгінгі таңда өндірістік базамен арнайы техникаларды мемлекеттік сатып алу жұмыстары рәсімделуде.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: Видеодан алынған кадр