ҚАЗАҚ ТІЛІМ – БАЙЛЫҒЫМ (Эссе)

Уақыты: 20.01.2024
Оқылды: 860
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Біздің мемлекеттік тілімізді – әрбір азамат білуге, оны құрметтеуге міндетті. Қазақ тілі әлемдегі ең бай, ең әдемі тілдердің бірі. Ол 160 000-нан астам сөзді қамтиды. Оның тарихи тамыры терең екенін есті жанның әрқайсы біледі.

Ал, тамыры терең ағашты қанша балталап шапсаң да оның түбі көктеп шығатыны сияқты бұл қарым-қатынас құралы да өзінің өміршеңдігін әрдайым танытып отыр.

Қазақ тілінің асқақтығы соншалық, қаншама сынақтардан өтсе де, талай өзгерістерді бастан өткерсе де, әлі сол таза бай, тамаша күйінде қалып келеді. Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы тұлғалар осынау әсем тілде сөйледі, ой толғады, шығармаларын арқау етіп, оның маңыздылығын адамзат алдында арттырып кетті.  Туындылары арқылы миллиондаған адамдарға рухани азық сыйлады. Сол азықтың әлі де бізге қажет екенін ұғыныумыз керек. Оны түсінуіміз үшін, қадіріне жетуіміз үшін ең әуелі қазақ тілін білуіміз маңызды.

Рената СТУПИНА,
9 – сынып оқушысы
Фото: yassy-tur.kz