Қар көшкіні кезіндегі қауіпсіздік

Уақыты: 13.02.2024
Оқылды: 329
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Жетісу облысының таулы аймақтарында 61 қар көшкінінің қауіпті учаскелері бар. Олар: Текелі қ.–35, Ескелді-10, Панфилов–9, Кербұлақ–4 және Сарқан аудандарында –3.

Осыған орай Жетісу облысы ТЖД  қар көшкіні кезіндегі мінез құлықтың негізгі ережелерін ұсынады:

ЕГЕР СІЗ ҚАУІПТІ АЙМАҚТА БОЛСАҢЫЗ:

Қар мен қолайсыз ауа райында тауға шықпаңыз; тауларда болған кезде ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз; тауға шыққанда, сіздің жолыңызда немесе серуендеу аймағында қар көшкіні болуы мүмкін жерді біліңіз. Қар көшкіні болуы мүмкін жерлерден аулақ болыңыз. Олар көбінесе тік беткейлерден 30' -та, егер бұталар мен ағаштар болмаса, көлбеу 20' - та. Ал 45' - тен жоғары тік болған кезде, қар көшкіні әр қар жауған сайын түседі.

ЕГЕР ҚАР КӨШКІНІ СІЗДІ БАСЫП ҚАЛСА:

Мұрын мен ауызды қолғаппен, шарфпен, жағамен жабыңыз; қар көшкінінде қозғалғанда, қолдың жүзу қимылымен қар көшкінінің бетінде қалуға тырысыңыз, жылдамдық төмен жиекке қарай жылжытыңыз. Қар көшкіні тоқтаған кезде, бет пен кеудеге жақын кеңістік құруға тырысыңыз, ол тыныс алуға көмектеседі. Егер мүмкін болса, жоғарғы жағына қарай жылжыңыз. Қар көшкіні түскеннен кейін айқайламаңыз, қар дыбыстарды толығымен сіңіреді, ал айқайлар мен мағынасыз қозғалыстар сізді күш, оттегі мен жылудан айырады. Өзіңізді жоғалтпаңыз, сабыр сақтаңыз, ұйықтап қалмаңыз, сізді іздейтініңізді ұмытпаңыз (қар көшкінінің астынан адамдарды бесінші, тіпті он үшінші күні құтқарған жағдайлар болған).

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі
Фото: gov.kz