Архив құжаттары цифрландырылды

Уақыты: 15.02.2024
Оқылды: 276
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Архивтегі жаңалықтар архивпен жұмыс істейтіндер үшін жылы қабылданатыны белгілі. Бүгін Алматыдан ел мен жер тарихы үшін үлкен жаңалықты естіп, көңіліміз көтеріліп қалды. Ендеше, бұндай игі жаңалықты сізде оқып, біліңіз?

Алматы қаласының мемлекеттік архивіндегі құжаттардың 10 миллионнан астам парағы цифрландырылды. Техникалық тұрғыда күрделі жұмысты тез әрі сапалы іске асыру үшін Мемлекеттік мұрағат материалдық-техникалық базаны жаңартып, Құжаттарды қалпына келтіру зертханасын ашты.

Анау-мынау емес, 10 миллион құжат! Бұл енді үлкен еңбек, қаншама қажырлы істің нәтижесі деуге болады. Сонымен бірге, осы мақсатта қалалық бюджеттен соңғы 10 жылда бірінші рет қаржы бөлінді.

Осылайша, Алматының мемлекеттік архиві планетарлық типтегі көпформатты жеті сканер, А3 және А2 форматындағы көп ағынды жеті сканер, объектілердің 3D интерактивті кескінін жасауға арналған жүйе, микрофильмге арналған COM жүйесін, микрофильм оқуға арналған жабдықты, кең форматты плоттерді, электр гильотинін, құжаттарды қалпына келтіруге арналған пресс жабдығын, жарық үстелін, қағаз және пергамент бетіндегі құжаттарды қалпына келтіруге арналған мультифункционалды жабдықты, сондай-ақ 110 моноблок пен 34 компьютер сатып алды.

– Қағаз құжаттарды цифрлық форматқа көшіру – уақыт талабы. Архивте қағаз бетіндегі және аудиовизуалды құжаттарды цифрландыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Оны тек заманауи әрі мықты техниканың көмегімен жүзеге асыруға болады. Сондықтан қала әкімі Ерболат Досаев сала өкілдеріне үлкен қолдау көрсету бойынша бірқатар шешім қабылдады. Мәселен, соңғы екі жылда архивтегі материалдық-техникалық база жаңарып, мамандардың жалақысы 30%-ға өсті. Сондай-ақ мекемедегі стационарлық сөрелердің орнына мобильді сөрелер алынды.  Сол арқылы құжаттарды қабылдау және сақтау орны кеңейді, – дейді Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев бұл ілкімді жаңалықпен сүйіншілей отырып.

Міне, бұл жаңалық бізді де бек қуантқанын айтқымыз келеді. Өзіңнің тасқа қашалғандай архивке сақталған бар тарихыңды, өткенің бәдізделген көне мұраларыңды жаңғыртуда ең төте жол болмақ. Бұрынғыдай шаң басқан архивте, шығармашылық үшін қолайлы-қолайсыз жерде отырмай ақ өз үйіңде отырып-ақ жылдам ақпа

Мемлекет басшысы Тоқаев үнемі айтып келе жатқан цифрлы технологиялар мәселесінің зор мүмкіндігі бұл. Біз бұл арқылы өшкенімізді қайта жандырып, өткенімізді тереңінен түгендей аламыз. Тауанды тарихтың тарих қойнауына жасырған тауариғын құнттап, зерттеп-зерделеп жадымызға тұта аламыз. Сол арқылы халық санасының түлеп-жаңғыруына, Алаш арыстары армандаған ұлттың оянып ұйысуына мүмкіндік алмақпыз.

Біз де өз кезегімізде осындай жетістіктер көбейіп, ел мен жер тарихы түгенделе берсін дегіміз келеді.

Қажет АНДАС

Фото: автор ұсынған