Талдықорғандық оқушылар Қарағанды академиясында оқудың артықшылықтарымен танысты

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 278
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Талдықорғандық оқушылар ҚР ІІМ Қарағанды академиясында оқудың артықшылықтарымен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ Барымбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының өкілі, кәсіптік даярлау факультеті бастығының орынбасары Надежда Ахметжанова Талдықорған ҚПБ қызметкерлерімен бірге  оқушыларға оқу орнын таңдаудың маңыздылығы және ҚР ІІМ академиясында оқудың артықшылықтары туралы айтып берді.

Оқушылар ішкі істер органдарында қызмет ету перспективалары мен қызықты сәттерге толы курсанттық өмір туралы білді. Сондай-ақ барлық оқушыларға байланыс деректері бар ақпараттық буклеттер таратылып, ҚР ІІМ академиясының қабырғасындағы өмір туралы бейнеролик көрсетілді.

— Біздің курсанттар оқуды бітіргеннен кейін полиция лейтенанты атағын алады және жұмысқа орналасады. Оқыту мерзімі төрт жыл және қызмет өтіліне кіреді. ҚР ІІМ Қарағанды академиясы білім ұстаханасы айтуға да болады. Мұнда еліміздің көптеген полицейлері білім алып, шыңдалды, — деп атап өтті Надежда Ахметжанова.

Сонымен қатар ҚР ІІМ Қарағанды академиясының өкілі полиция департаменттің аумақтық бөлімшелерінде тәжірибеден өтіп жатқан курсанттармен кездесті.